Біздің редакциямыз тапсырыс берген зертханалық талдамалар өзен суында ешқандай қоспа жоқ екенін көрсетті.
Жайықтың суы жасанды түрде көгілдір тартқан және осы құбылыстың себебі туралы ресми комментарий болмаған кезде "АЖ" редакциясы тәуелсіз сараптамаға тапсырыс берген еді. "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аналитикалық зертхана" ЖШС біз үшін Жайық суын бірнеше негізгі параметрлер бойынша зерттеді. Екі нүктеден сынама алынды: су іркуіш станциядан жоғары жақтан және қала шеңберінде, шипажай маңындағы жағалаудан.
Жайықтағы мұндай құбылыспен ешқашан бетпе бет келмеген зертхана директоры Ғалия ҮМБЕТӘЛИЕВАНЫҢ айтуынша, оралдық лаборанттардың бірі бұл көк-жасыл балдыр деп бірден жорамалдап, өз жерінде зауыттарда су осылайша жиі "көгеретінін" айтқан.
Жүргізілген зерттеу жұмыстары, ең кем дегенде, осы болжамды жанама растады: өзен суынан техногендік сипаттағы бөгде заттар мен оған тән емес ластанулар табылмады.
- Су иіссіз болды, бірақ су бетіндегі көбік жасанды көгілдір реңге ие еді, - дейді Үмбетәлиева.
Лаборанттар сараптама ретінде талдау жасамас бұрын судың бір бөлігін банкаға құйып, оның бетін ауа келмейтіндей бекітіп тастапты. Олар жорамалдағандай, банкада табиғи процесстер басталған - оттексіз жылы ортада балдырдың бір бөліктері шіри бастаған. Бір күннен кейін көк-жасыл көбік жүзгін түрінде түбіне шөгіп, әдеттегі күңгірт жасыл шылау реңіне боялған. Шіріген шылауға тән иісі болды.
Кейінірек талдама нәтижелері де алынды.
pH - шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) 6-9 болған кезде 8,54-тен 8,63-ке дейін анықталды.
Мұнай өнімдері: ШРК 0,1 мг/дм3 болғанда 0,010-0,017 анықталды.
АПАВ (беткі-белсенді зат): ШРК 0,5 мг/дм3 болғанда 0,275 анықталды.
Хлоридтер: ШРК 350,0 мг/дм3 болғанда 136,85-дан 142,52 дейін.
ХПК (оттектің химиялық тұтынылуы): ШРК 30,0 мг/дм3 болғанда - 5,0-ден аз.
Нитраттар: ШРК 45,0 мг/дм3 болғанда 0,19-0,43 анықталды.
Нитриттер: ШРК 3,3 мг/дм3 болғанда 0,01-0,146-дан аз анықталды.
Аммоний ионы: ШРК 2,0 мг/дм3 болғанда 0,10-0,48 анықталды.
- Яғни, су нормада ма?
- Ашығын айтқанда, осы суды көрген кезде біз мұндай қорытынды аламыз деп ойламаған едік, бірақ талдау нәтижелері мұның ластану еместігін көрсетті. Бейтарап орта, біз зерттеу жүргізіп үлгерген басқалай бүкіл көрсеткіштер көпжылғы зерттеулерге сай келеді. Су құрамында ешқандай өзгеріс жоқ.
- Жайық неге көгілдір тартқан?
- Жайық көгеріп жатыр, өзен тайызданып, өте аптап ыстықтан түбіне дейін қызған.
- Бұл уақытша құбылыс па?
- Білесіз бе, мен бір нәрседен қорқамын. Егер Жайықтағы су қазіргідей азаятын болса, онда бұл үрдіске айналуы мүмкін. Шын мәнінде, Жайық батпаққа айналып бара жатыр. Мен бұл мәселе бойынша маман емеспін, бірақ кеңестерде себебін жиі естимін - жоғарыда (ағыстан жоғарыда - З.Б.) су қоймасы өте көп, дәл осы нәрсе біздің өзендегі судың азаюына әкелді. Кеңес дәуірінде Жайықтан су қоймасын салуға тыйым салынды, сол кезде тек екеуі ғана болды. Ал Одақ құлағаннан кейін көршілер көптеп жаңа қоймалар салып тастады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА