Зертханалық зерттеудің алдын ала мәліметтері бойынша 10 тамыздағы сынамадан фенолдың азғана мөлшерден асқандығы анықталды, - бұл туралы телефон арқылы Жайық-Каспий бассейндік су қорларын пайдалануды реттеу және қорғау инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВ хабарлады.
Оның айтуынша, бұл "Қазгидрометр" зертханасы жүргізген мәліметтер.
- Мұндай мөлшерден асу газ бөлетін балдырлардың шіру нәтижесі болуы мүмкін. 11 тамыздағы көрсеткіштер норма шеңберінде. Дегенмен де, біз ағыстан жоғарыдағы көршілерімізге, соның ішінде орынборлықтарға сол күндері қандай да болмасын шығарындылар болған жоқ па, тағы бір тексеру өтінішімен шықтық. Осы өтінішпен біз Махамбет және Индер аудандарының тұрғындарына өтінішпен шығамыз: егер сіз өзенге қандай да болмасын бір затты біреудің құйғанын көрсеңіз, бізге хабарласыңыз, - дейді Бисен Қуанов. Ол сондай-ақ: бәлкім, зиянды заттар Жайыққа өзеннің ескі арналарының бірі арқылы құйылған шығар деген бұрын айтылған нұсқаны қайталады
- Қатарынан бірнеше мекеме, соның ішінде экология департаменті, тұтынушлар құқығын қорғау департаменті, "Қазгидромет" зерттеулер жүргізді, - дейді Атырау облыстық табиғат қорғау прокурорының көмекшісі Жақсылық СИҚЫМОВ. - Зерттеудің соңғы қорытындыларын бізге 19-да ұсынуға уәде берді. Әзірге тек Жайық суынан қалдықтар мен ластаушы заттардың табылмағанын айтуға болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА