Атырау, 28 қараша 22:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бұл мәре!

2 153 просмотра


Бүгін, 14 тамыз күні, Қ.Смағұлов аллеясы жанындағы жағалауда қалалықтар арасында үш күнге созылған караоке-батл сайысының ақтық айналымы өтеді.

Жағалауға жақын үйлердің тұрғындары осы үш күн ішінде талай жалған ноталарды, әртістерше сарнауды және ән айтудан гөрі шыңғырған айқайға жақын дауыстарды естіп, мезі болған шығар, дегенмен, сайыскерлердің арасында шын жұлдыздар да болды. Бүгін іріктеу турының нәтижелері бойынша солар өнер көрсетуі тиіс.

Араларында жасөспірімдер де, үлкен ағалар мен апайлар да бар әншілердің репертуары әртүрлі. Кеше Юрий Ряшенцевтің «Ланфрен-Ланфрасын», Адельдің күрделі «Rolling in the deep» шығармасын, Анна Германның әндері мен шансонды, сонымен қатар заманауи попсаны да тыңдауға мүмкіндік болды, біреулері Алла Пугачеваны қайталауға тырысып жатты – жалпы алғанда, финалистер көрерменді ерекше әндерімен баурай алады деп ойлаймын. Басталуы сағат жетіде.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

14 тамыз 2015, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.