Атырау, 28 қараша 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қызылшаға қарсы вакцинация кері басталады

4 128 просмотра

Image 0Қызылшаға қарсы қосымша иммундау ел бойынша, соның ішінде Атырауда үстіміздегі жылдың қазан айында қайта басталады. Бұл туралы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ Орталық коммуникация орталығының жергілікті филиалында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Естеріңізге салсақ, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен 15 және 19 жас аралығындағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданған болатын. Атырау облысында бұл науқан 16 ақпанда басталған-ды. Алайда иммундау кезінде Қазақстанның бес облысында екпе салынғаннан кейін әр түрлі зардаптарымен 396 жасөспірім дәрігерлерге қаралып, 264 адам ауруханаға жатқызылған еді.

19 ақпанда иммундау тоқтатылды, ал 2 наурызда бұл тыйым салуды 4 мамырға дейін уақытша тоқтатты. Жүргізілген зерттеулер вакцинаның сапалы және барлық талаптарға жауап беретінін анықтады. 13 мамырда иммундау бойынша ұлттық кеңес беру комитетінің отырысында жасөспірімдерді қосымша иммундау науқанын жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Image 1Атырау облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының м.а. Дина КАМЕЛОВАНЫҢ айтуынша, қызылшамен ауру деңгейі бүкіл әлемде өсіп отыр. Тек Қазақстанның өзінде 2015 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 10-нан аса есеге артып, 2 225 оқиға тіркелді. Атырау облысында өткен жылы тек жеті оқиға тіркелсе, 2015 жылдың басынан бері 82 ауру фактісі тіркелген. Балалар да, 20-дан асқан ересек адамдар да ауырып жатыр. Кеңес Одағының ыдыраған тұсында, 90-жылдардың басында, ата-аналар балаларының денсаулығына мән бере алмады, қажетті екпелер салынбай қалды. Қазір бұл балалар ер жетіп, өздері ата-ана болып отыр. Осы жаңа ұрпақтың қызылшаға қарсы ешқандай иммунитеті жоқ.

1 және 6 жасында иммундаудан өткен жасөспірімдерге екпе салудың не қажеті бар деген журналистердің сұрағына медицина қызметкерлері бұл салынған екі екпе табиғатында мықты иммунитеті барларды ғана қорғай алады, сондықтан да қосымша вакцинация керек деп жауап берді.

Ақпан айында қосымша иммундауды бастау кезінде өңірімізде 15-19 жас аралығындағы 28 237 жасөспірім есептелген. Бірнеше күнде 16 194 жасөспірімге иммундау жасап үлгерді. Қазанда тағы 12 мыңын егу жоспарлануда. Қазіргі уақытта вакцинация жасалатын адамдардың тізімі нақтыланып жатыр.

- Біздің облысымызда вакцинациядан кейін 26 адам медициналық көмек сұрап келді. Үш жасөспірімге екпені вирустық инфекция кезінде салған, ал қалғандарында жүйкелік сипаттағы әсер болған. Жалпы, бүкіл ел бойынша талдау жасалғанда барлық ушығу жағдайларының 99%-ы ағзаларында психологиялық, эмоционалдық және гармондық қайта түзілу жүріп жатқан жасөспірім қыздарда тіркелгені анықталды, - деп атап өтті Дина Камелова.

Вакцинацияны жақтайтын басты аргумент ретінде медицина қызметкерлері келесілерді айтып отыр – бұл қызылшадан кейін естімей, көрмей қалу, менингит, ерлердің белсіздігі сияқты қауіпті ушығулардың алдын алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 тамыз 2015, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.