Атырау, 19 мамыр 10:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мысырдағы ерекше ыстықтың құрбандарының саны 76 адамға жетті

2 115 просмотра

Image 0Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Мысырдағы ерекше ыстықтың құрбандарының саны 76 адамға жетті, ондаған адам ауруханаларға жатқызылды, деп хабарлады ВВС орыс қызметінен.

Хабарда айтылғадай, қайтыс болғандың көбі егде адамдар, бірақ түрмелер мен психиатриялық аурухана пациенттерінің де арасында қаза болғандар бар.

Ауа райының ыстық болуы Каирдегі бір хайуанттар бағының жұмысын қиындатты. Ыстықтың салдарынан Бого атты орангутанг өлді. Оны күтушілер үш күн бойына құтқаруға тырысып та баққан болатын.

Тамыз айы Мысырда әдетте ыстық болады, бірақ соңғы күндері ауа температурасы Цельсиямен 47 градусқа дейін көтерілді.

Дереккөз: ҚазТАГ

14 тамыз 2015, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.