Атырау, 5 желтоқсан 11:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Такси жүргізуші ұстаған педофилге 15 жыл жаза берді

2 324 рет қаралды

Image 0Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 24-бабының 3-тармағы ("Қылмысқа оқталу") және 121-бабының 4-тармағы ("Көрінеу жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша айыпталған Атырау қаласының бұрын сотты болған 32 жастағы тұрғынына үкім шығарды.

Қылмыс 27 наурызда таңертеңгі сағат 11-де Привокзальныйдағы үйлердің бірінің подъезінде орын алған. 11 жасар қыз баспалдақпен көтеріліп келе жатқанда, оны қаскөй қуып жетіп, өлтірем деп қорқытып, сексуалдық сипаттағы зорлық әрекетін іске асырмақ болады. Бір сәтте қыз сытылып, подъезден қашып шығып, үй жанындағы таксистерден көмек сұраған. Олардың бірі қылмыскерді қуып жетіп құрықтайды.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 тамыз 2015, 22:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.