Атырау, 28 қараша 21:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Камера хикаясы

2 720 просмотра

Image 0Атырау қалалық сотында шекаралық қызметтің екі қызметкерінің жұмыстан заңсыз шығарылғандығы туралы талап-арыздарына қатысты сот процесі басталды. Бірінші тыңдалымда талап-арыз берушілер даулы бейнежазбаның салдарынан жұмыстан айырылғандарын растады.

Араларындағы интимдік көрініс бейнебақылау камераларына жазылып қалып, кейін әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен әскери қызметкер әйелдер ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінің 2201 «г» әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген. Басшылық оларды 2015 жылдың 6 мамырында жұмыстан шығарған, ресми себеп – «дәлелді себепсіз 3 және одан да көп сағат жұмыс орнында болмауы».

Алайда, талап-арыз берушілердің адвокаты Аслан ЖОЛБОЛОВТЫҢ пікірінше, оларды жұмыстан шығарудың шынайы себебі - әлгі даулы бейнежазба. Оның айтуынша, көрініс 5 мамырда сағат 18.54-те Дамбы маңындағы Солтүстік-Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасының (СКЭӘБ) бейнебақылау камераларына түсіп қалған. База қожайыны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, арендатор – NCOC болып табылады.

- Содан кейін бейнежазбаны СКЭӘБ қызметкерлері монитордан ұялы телефондарының камераларына түсіріп алған, ол әрі қарай WhatsApp арқылы тараған, - дейді А.Жолболов. – Келесі күні ол әскери бөлімше басшылығына жетеді. Осындай бейнежазбаның бар екендігін талап-арыз берушілер өз командирінен білген.

Жауапкердің – ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі 2201 «г» әскери бөлімшесінің нұсқасы бойынша, талап-арыз берушілер сағат 15.00-де жеке құрамның жоспарлы сап түзеуі кезінде болмаған. Олар ұялы байланыс қоңырауына жауап бермеген, сондықтан әскери бөлімшенің жеке құрамынан іздеу тобы ұйымдастырылған. Сотқа ұсынылған қызметтік тергеу материалдарына сәйкес, әйелдер өз мекенжайлары бойынша табылған. Өздерінің жоқтығын олар Шекаралық қызмет қатарында қызмет еткілері келмейтіндігімен түсіндірген.

Осыған байланысты тиісті актілер толтырылып, қызметтік тергеу жүргізілген. Сол 2015 жылғы 6 мамырдағы датамен аталмыш әскери қызметкерлер ұнамсыз себеппен - дәлелді себепсіз 3 және одан да көп сағат жұмыс орнында болмағаны үшін жұмыстан шығарылған.

- Қызметтік тергеу материалдарының барлығы, соның ішінде жұмыстан шығару туралы бұйрық 6 мамырмен белгіленген. Яғни, бәрі бір күнде болған, - дейді А.Жолболов. - Әскери бөлімше оншақты куәгерлерді шақырды. Олардың барлығы қызметтік тергеу фигуранттары болып табылады. Бәрі ант берді, сот жалған куәлік бергені үшін қылмыстық жауапкершілік болатыны туралы ескертті. Мен қызметтік тергеу материалдарының барлығы, атап айтқанда актілердің, түсініктемелердің, баянаттың жасанды екендігі туралы мәлімдеме жасадым. Сондай-ақ, мен біздің талап-арызымыз қанағаттандырылған жағдайда осы қызметтік тергеу материалдарын жалған құжаттар ұсыну және куәгерлердің көрінеу жалған жауап беру фактілері бойынша прокуратураға жолдауды өтіндім. Оның үстіне, мен СКЭӘБ басшылығын үшінші тұлға ретінде тарту туралы өтініш бердім. Әзірге бұл мәселе ашық қалып отыр. Сонымен қатар, өз дәлелдерімді растау үшін мен сотқа Kcell ұялы байланыс операторынан (6 мамырда сағат 15.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта абоненттердің қай жерде болғанын) талдап тексеруді талап етуді сұрадым. Бұл өтініш қанағаттандырылды, байланыс операторына ресми сауал таяу күндерде жіберілетін болады.

Адвокаттың айтуынша, бірінші тыңдалым өте ауыр өткен және төрт сағаттай уақытқа созылған. Келесі тыңдалым 25 тамызға белгіленді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

12 тамыз 2015, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.