Атырау, 19 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Полиция лейтенанты: бопсалаушы-ұрлықшы-кісі өлтіруші

2 145 просмотра

Image 0Атырау қалалық №2 соты Өзбекстан азаматын ұрлап, өлтірді деп күдіктелген Атырау қалалық ІІБ-нің полиция лейтенантын екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция шығарды.

Қылмысты ашу үшін тергеу-жедел тобы құрылып, оған ІІД бастығының бірінші орынбасары басшылық етті. Сондай-ақ, топ құрамына ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері де кірді. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қылмыс бір тәулік ішінде ашылған.

Облыстық соттың баспасөз хабарламасында хабарланғандай, тергеу жорамалы бойынша 2015 жылдың 5 тамызында 22 жастағы полицей өзінің сыбайласымен бірге Атырау қаласындағы базарда Өзбекстан азаматынан қорқытып ақша алған. Сол күні Өзбекстанның басқа азаматын кездестіріп, оған қызметтік куәлігін көрсетіп, өз машинасына отырғызған. Оған іздестіріліп жатқан қылмыскерге ұқсайтынын айтып, ақша талап ете бастаған. Әлгі адам тек ақшаның бір бөлігін ғана бере алатынын, ал қалғаны туысының үйінде екенін айтқан.

«Содан кейін полицей өз сыбайласымен бірге құрбандарын қала сыртындағы далалыққа апарып, оған мойны мен кеудесіне көптеген пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан ол азамат көз жұмған. Қылмысты жасыру мақсатында олар өлтірілген мүрдені далалыққа, Алға поселкесінің маңына (шамамен Атыраудан 33 шақырым қашықтықта) көміп тастап, келесі күні марқұмның туысының пәтеріне кіріп, ақша мен бағалы заттарды ұрлаған», - делінген хабарламада. Тергеу жорамалы осындай.

Тергеу органдары криминалдық полицияның жедел уәкіліне қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-тармағының 3, 5, 7, 8, 10-тармақшалары («Адам өлтіру»), 125-бабының 2-тармағының 1, 8-тармақшалары («Адам ұрлау»), 192-бабының 2-тармағының 1, 4, 5-тармақшалары («Қарақшылық»), 188-бабының 3-тармағы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғады. Екінші күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

12 тамыз 2015, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.