АСТАНА. ҚазАқпарат - «Узбекистон Хаво Йуллари» әуе компаниясы жолаушылардың қол жүгімен қоса алғандағы орташа салмағын анықтау үшін олардың салмағын өлшей бастады, деп хабарлайды lenta.ru.
Бұл шара Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының талаптарына орай енгізілген, оған сәйкес ұшақтың ұшуы алдында жолаушылар мен олардың қол жүгін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жиі өлшеу қарастырылған.
Әзірше бұл шараның қандай рейстер мен әуежайларда жүргізілетіні хабарланбай отыр.
Айта кетейік, британдық Virgin Airlines әуе компаниясы толық жолаушылардан қосымша ақы алатын болса, Southwest Airlines пен Air France олардан бірден екі орынға билет сатып алуларын талап етеді.
Дереккөз: inform.kz