Атырау, 19 мамыр 11:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Украина әскері мен сепаратистер қақтығысты

1 424 просмотра

Image 0Украина әскерінің солдаты.Украиналық әскерилердің мәлімдеуінше, Донецк облысында сепаратистермен атыста бір украиналық солдат мерт болып, тоғызы жарақаттанған.

Украина қарулы күштері бас штабының жетекшісі Владислав Селезневтің айтуынша, "Украина әскері Донецк пен Мариуполь арасындағы Староигнатьевка ауылын қорғаған".

Украина президенті баспасөз хатшысы Андрей Лысенко "400-ге жуық сепаратист БТР мен танк мініп, Украина әскерилеріне шабуыл жасағанын" айтады.

Ал өзін "Донецк халық республикасы" (ДХР) "қорғаныс министрі" деп жариялаған Эдуард Басурин "әуелі Украина әскері шабуыл жасады, біздің жауынгерлер сол шабуылды тоқтатуға күш салды" деп мәлімдеді. Басуриннің айтуынша, олардың "екі танкісі, бір БТР-ы және ракета тасығыш машиналары қираған".

2014 жылы сәуірде басталған Украинаның шығысындағы әскери қақтығыстан 6 мың 400 адам мерт болған. 2015 жылы ақпанда Минскіде бітім жөнінде келісім жасалғанымен, ол жиі бұзылып келеді.

Дереккөз: azattyq.org

11 тамыз 2015, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.