Атырау, 13 ақпан 09:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Теңізде алынған төрт күйік

2 124 рет қаралды

Image 0Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түні Теңіз кенішінде 4 адам ыстық буға күйіп қалды.

Бұл «КТЛ-1 нитка-300» қондырғысында орын алды. «Halliburton» компаниясының үш жұмысшысы жеңіл күйік алған, ал «Юлмар Сервис» ЖШС-нің жұмысшысы 3-ші дәрежелі күйік алған.

- Барлық зардап шеккендер ТШО клиникасына жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлады Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВ. – Бүгінде олардың жағдайы бірқалыпты деп бағаланып отыр. Бұл факт бойынша Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі тергеу жүргізуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 тамыз 2015, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.