АҚШ-тың Теннеси штатында ер адам кинотеатрда оқ атып, көрермендердің бірін балталаған, - деп хабарлайды The Tennessean жергілікті басылымы.
Оқиға орнына полицейлер дереу жетті. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы көрермендердің бірін балталап үлгерген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны тоқтатпақшы болғанда, 51 жастағы ер адам полицейлерге оқ ата бастады. Ол оқиға орнында өлтірілді.
Соңғы мәліметтер бойынша, кинотеатрда бір қап жарылған.
Куәгер болған оқиғаны баяндайды.
Болған оқиғаның мән-жайы мен мотиві анықталып жатыр.
Дереккөз: tengrinews.kz