Атырау, 25 қараша 22:52
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан ТЖМ 9 балдық жойқын жер сілкінісі туралы ескерту жасады

3 087 просмотра

Image 0Қырғыстанның ТЖМ 2015 жылдың екінші жартысында күші 9 балдық жойқын зілзала болуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының болжамы бойынша, 2015 жылдың екінші жартысында ел аумағына жер сілкінісі қаупі төніп тұр. "Ең қауіпті аймақтар қатарында Қытай және Тәжікстанмен шекарадағы Баткен мен Ош облыстары бар. Бұл жерлерде жер сілкінісінің күші 7-9 балға дейін жетуі мүмкін", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, жер сілкінісі болуы мүмкін қауіпті аймақтар қатарында Тянь-Шаньнің солтүстігі, республикадағы Ыстық көл облысы да бар.

Қырғызстан ТЖМ 2015 жылдың тамызында республика аумағында ауа райының өзгеруіне әкелетін "табиғи экзогенді процесстердің активизациясы" болатынын хабарлады. "Ауа температурасының ауытқуы, желдің күшеюі, толассыз жауын таулы аймақтарда селдің, сырғымалар мен опырылмалардың, төменгі жақтардағы су басуға әкелуі мүмкін", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Осыған орай ТЖМ Кризисті жағдайлардағы басқарма орталығы Қырғызстан азаматтық қорғаныс қызметінің күші мен заттарын, басқарма органдарының төтенше жағдай кезінде аймақтан кетуге дайындық жұмыстарын бақылауға кірісті.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 тамыз 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.