Атырау, 7 қазан 03:51
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Автобус» операциясы

2 140 просмотра

Image 0Атырау полицейлері «Автобус» жедел-алдын алу шарасын жүргізген үш күнде 130-дан астам хаттама толтырды.

Атырау қалалық ІІД бастығының орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВТЫҢ айтуынша, соның ішінде автобусты басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпау (33), рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу (21), жылдамдықты асыру (5) фактілері анықталған. Сондай-ақ, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүру (1), сақтандыру полисінің болмауы (2), автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының нормасынан асып кетуі (13), көлік жүргізушілерінің тиісті санатының болмауы (1) және т.б. фактілер тіркелген.

– №1 маршрут автобустарының бірін тексеру кезінде жүргізушінің - Өзбекстан азаматы – заңсыз жұмыс жасап жүргені анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 517-бабының 5-тармағымен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») әкімшілік өндіріс қозғалды. Әкімшілік соттың шешімімен ол Қазақстаннан шығарылды, – дейді Е. Биғамбаев.– Атырау қаласының тұрғыны болып келетін автобус иесіне шетелдік жұмыс күшін жұмысқа заңсыз тартқаны үшін 15 АЕК мөлшерінде (29 730теңге) айыппұл салынды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

1 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.