Атырау, 28 қараша 20:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Оқулықтар бойынша қиындықтар болмайды»

2 409 просмотра

- деп хабарлады Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шәкіржан МЫРЗАҒАЛИЕВ ОҚК Атырау бөлімшесінде өткен жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына арналған баспасөз конференциясында.

Акция 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында өтеді, мақсаты – аз қамтылған отбасы балаларына қажетті форма мен оқу құралдарын алуға көмек көрсету. Қазіргі кезде облыста 106 600 оқушы бар, олардың 14 мыңнан астамы аз қамтылған отбасы санатына жатады.

Мектептер үшін оқулықтар алуға биылғы жылы облыс бюджеті 647 млн теңге қаржы бөлді.

- Қазіргі кезде барлық оқулықтардың 81,7 пайызы жеткізілді, қалғаны тамыз айының бас кезінде әкелінеді, - деді Ш.Мырзағалиев.

1-8 тамыз күндері барлық мектептердегі оқулықтар түгенделеді, ал 8-18 тамыз күндері оларды оқушыларға таратады. 18-30 тамыз аралығында облыста «Сыйға тартылған кітап» акциясы ұйымдастырылады, акция барысында мектеп бітірген түлектер өздерінің оқулықтары мен көркем әдеби кітаптарды мектеп кітапханаларына тапсыра алады. Облыстағы 26 білім беру мекемесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарының көп бөлігі орындалды, ал оқу жылы басталғанға дейін жұмыстар толығымен аяқталуы тиіс. Мектептердегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыс 101 млн теңге бөлген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 шілде 2015, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.