Атырау, 29 қыркүйек 19:00
 дождьВ Атырау +24.4
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Тамыздың басы ыстық болмақ

2 408 рет қаралды

Image 0Синоптиктердің болжауынша, 5 тамызға дейін Атырау облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілмек. Штормдық ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК Атырау филиалының метео болжамдар бөлімінің басшысы Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, 25 шілде мен 5 тамыз аралығында өңіріміздегі ауа райы жоғары қысымды аз градиентті барикалық алаңмен анықталады.

– Бұл жазғы уақыттағы антициклон ауа температурасының көтерілуі мен аптап ыстық әкелуімен сипатталады, ауа температурасы түнде 23-28, күндіз 37-42 градус болады деп күтілуде, - дейді К. Мырзашева.

Синоптиктердің мәліметтерінше, тамыз айының бірінші және екінші он күндігінде сақталмақ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

31 шілде 2015, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.