Атырау, 28 қараша 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудағы «химиялық шабуыл»

2 616 просмотра

Image 0Бір аптадан астам уақыттан бері Атырау қаласы жарияланбаған «химиялық соғыс» жағдайында өмір сүруде.

Мұнай өнімдерінің тұншықтыратын иісі бар қалың тұман қаланы әр түн сайын ымырт түсісімен басып алады. Редакциядағы телефондарға бір тыным жоқ – тұрғындар тыныс жолдарының тарылуына, бас ауруларына, әлсіздікке шағымданады. 23 шілде күні «АЖ» тексеру жүргізу өтінішімен экология департаментіне және табиғат қорғау прокуратурасына хат жолдады.

Экология департаменті басшысының орынбасары Қанат ҚАЛМАХАН шілденің 23-і мен 26-сы аралығында департамент және табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері рейдтер жүргізгенін, оның барысында көше ауасының сапасы тексерілгенін, нәтижесінде ешқандай ауытқушылықтардың анықталмағанын хабарлады.

Лақтырындылардың толастамауы себепті «АЖ» 29 шілдеде экология департаментіне енді 26-29 шілде аралығындағы «Аджип КҚО» компаниясының, «АМӨЗ» ЖШС және «Қазгидромет» РМК-ның ауа сапасын бақылайтын станцияларындағы аспаптардың мәліметтерін беру өтінішімен тағы бір хат жолдады.

«Аджип» компаниясының аспаптары аталған күндері күкіртсутек бойынша шектеулі рұқсат етілген шоғырланудың әр сағат сайын артқанын анықтаған. Күкірсутек лақтырындыларын, сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ АМБ аумағында, «Ақжайық-7» ЖШС-нің вагон цистерналарын жөндеу станциясында, Сасықсай булану алаңында, «Шағала» мейманханасының маңындағы жағажайда және облыстық әкімдік маңында орналасқан ауа мониторингісін бақылайтын станциялар да тіркеді.

Ең қуатты күкіртсутек лақтырындысын (шекті рұқсат етілген шоғырланудан 63 есе артық) 29 шілде күні 2 сағат 40 минутта «Вест Ойл» станциясы тіркеді. Бұл күндері желдің бағыты тез өзгеріп отырды, сондықтан экологтардың «АЖ»-ға берген материалдары бойынша ауаны нақты қай кәсіпорынның бүлдіргенін айту қиынырақ. Алайда мұндай кәсіпорындардың тізімі шектеулі, сондықтан экология мамандары кінәліні (кінәлілерді) таба алады, олар табуға міндетті. Қашанғы шыдауға болады?

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 шілде 2015, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.