Атырау, 25 қараша 22:46
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейдің трибуналға вето қойғанын айыптады

2 253 просмотра

Image 0Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин (сол жақта) MH17 апатын тергейтін халықаралық трибунал құруға қарсы дауыс беріп тұр. Нью-Йорк, 29 шілде 2015 жыл.Австралия мен Нидерланд Ресейді БҰҰ-ның Украина шығысында құлаған малайзиялық ұшақ апатын тексеретін халықаралық трибунал құру қарарына вето қойғанын айыптады.

Нидерланд премьер-министрі Марк Рутте "Ресейдің халықаралық әділ сотты қорғауға және онымен есептесуге дәрмені жетпеді" деді. Ол Ресейдің вето қоятыны "таңсық болмаса да", "көңілді қалдырғанын" айтты.

Рутте Нидерланд қатысып жатқан тергеу тобы қазір "кінәлілер жазадан құтылып кетпеуі үшін мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі заңдық тетіктерді қатар қарастырып жатқанын" айтты.

Австралия премьер-министрі Тони Эббот 30 шілдеде Ресейдің вето қоюын "қатігездік" деп атады. Ол "Ресей бұл әрекетімен құрбандар отбасыларының кім кінәлі екенін білу құқығын мүлдем елемейтінін және кінәлілердің жауапқа тартылғанын қаламайтынын көрсетті" деді.

2014 жылы 17 шілдеде Донецк облысы аумағында Malaysian Airlines компаниясының MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып шыққан Boeing 777 ұшағы құлап, 298 адам қаза тапқан. Малайзия, Нидерланд, Австралия, Украина мен Бельгия бұған дейін БҰҰ-ға ұшақ апатын тергейтін трибунал құру туралы қарар ұсынған. 29 шілдеде өткен дауыс беруде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 11 мүшесі қарарды қолдап, Ресей вето қойған. Қытай, Венесуэла мен Ангола қалыс қалған.

Бұған дейін Нидерланд бастаған тергеушілер ұшақты ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территориядан жіберілген зымыран атып түсірді деген болжам жасаған.

Украина, Малайзия, Австралия, Нидерланд қатысып жатқан Халықаралық тергеу тобының түпкілікті нәтижесі қазан айында жарияланады.

Дереккөз: azattyq.org

30 шілде 2015, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.