Атырау, 28 қараша 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Балалар. Демалыс. Төлқұжат.

2 073 просмотра

Еңбек демалысы қызған шақта көпшілігіміз қапырық қаладан шығып, курорттарға кетуге тырысқан кезде, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының көпшілігінде Қазақстаннан тысқары жерге баламен бірге кедергісіз саяхат жасау үшін құжаттарды қалай дұрыс ресімдеу керек деген сұрақ туындайды.

Біреулер міндетті түрде балаға төлқұжат керек десе, біреулер бала ата-аналарының бірімен демалуға шыққан болса, екінші ата-ананың нотариалды ресімделген келісімін алуға кеңес береді. Кейде мұның бәрі босқа кеткен ақша мен уақытты қажет етеді. №2016 әскери бөлімшесі командирінің міндетін уақытша атқарушы Денис ЖУЧКОВ редакция сауалына берген жауабында бұл туралы толық ақпарат берді:

- ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі №1010 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған ҚР азаматтары шетелге шыққан кезде, ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) төлқұжатына енгізіліп жазылады. 3 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының төлқұжатындағы жазбадан бөлек олардың фотосуреттері жапсырылуы тиіс. Фотосуреттерді жапсыру мен балалар туралы мәліметтерді жазу төлқұжаттың екінші парағына, ал егер ол жер пайдаланылған болса, басқа бос параққа жазылады. Балалар туралы жазбалар мен фотосуреттерге ҚР ішкі істер органдары визалық мөртаңба соғады.

Қазақстаннан тысқары аумаққа уақытша шығу үшін кәмелетке толмаған балаға ата-ананың біріне екінші ата-анасының нотариалды расталған келісімі қажет емес. Ол тек басқа елге тұрақты мекенжайға тұру үшін бала ата-ананың бірімен ҚР аумағынан тысқары шыққан кезде ғана міндетті болады. Кәмелетке толмаған баланың басқа елге тұрақты мекенжайға шығуына ата-ананың бірінің келісімі болмаған кезде бұл мәселені сот тәртібімен шешуге болатынан ескерген жөн.

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.