Атырау, 7 қазан 03:47
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қырғызстандық азамат 19 жыл Жамбыл облысының полицейлерінде құлдықта болған

2 274 просмотра

Image 0Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ – Қырғызстан тумасы Владимир Евдошенко 19 жыл Жамбыл облысының полицейлерінде құлдықта болған, деп хабарлады ҚырТАГ агенттігі «Новый регион» басылымына сілтемелеп.

В. Евдошенконың айтуынша, 1996 жылы ол түрмеде алты жылдық мерзімін өтеп, құжатсыз қалған соң, полиция қолына түскен. Ол полицей оған төлқұжаттарын жөндеп беруге көмектесуге уәде берген. Погоны бар адамға сенген ол полицей мен оның отбасына бірнеше жыл қызмет еткен.

Келесі «қожайын» оны еліне жіберіп, онда В. Евдошенко құжаттары мен азаматтығын қайта қалпына келтірген. Бірақ отбасылық проблемаларға байланысты ол, жұмыс іздеп Қазақстанға қайта оралып, қайтадан полицейлерге құлдыққа түскен.

Осыдан кейін В. Евдошенко тауар сияқты қолдан-қолға өтіп отырған. Қырғызстандық азамат полицейлердің бірінде тамақ үшін жұмыс істеп қалған. В. Евдошенко бірнеше рет қашып кетуге әрекеттенген, бірақ оны әр кез ұстап алып, «иелеріне» қайтарып отырған.

Мақалада айтылғандай, В. Евдошенко үш отбасына еңбек еткен, туыстары оны бір-біріне беріп отырған. Олардың ешқайсысы оны құл ретінде пайдаланып отырғанынан қорықпады. Оны басқа адамдар да білген, бірақ олардың барлықтары ауыздарын ашпайтын, себебі ішкі істер орган қызметкерлерімен ілініскісі келмейтін, немесе осылардың барлығы солай болуы керек, онда тұрған ешқандай әбестік жоқ деп түсінген. В. Евдошенко тек мал баққан кезде ғана далаға шығатын, ал қалған кездері оған ауладан сыртқа шығуына тыйым салынатын.

Ақыры ол қашып шығып, «Сотталғандарды сауықтыру орталығы» қоғамдық бірлестігіне жүгінудің реті келген. Бірлестік қызметкерлері оған жоғалған құжаттарын қалпына келтіруге көмектесіп, газет редакциясына, ішкі істер органдары мен прокуратураға жүгінуге көмектесіпті.

Дереккөз: ҚазТАГ

29 шілде 2015, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.