Атырау, 5 желтоқсан 11:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Педофил 17 жыл жаза алды

6 503 рет қаралды

Image 027 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің өгей қарындасын үш жыл бойына зорлап келген педофилге үкім шығарылды. Ол қатаң режимдегі колонияда 17 жыл жазасын өтеу мерзімін алды.

Сотталушы Ақтөбе облысының тумасы, соңғы жылдары Қызылқоға ауданында тұрған.

«Тергеу мәліметі бойынша, жанұясы бар 28 жастағы Ж.Т. арақ ішіп алып, зардап шегушінің қорғансыздығын пайдаланып, үш жыл бойына он төрт жастағы қызды өлтіремін деп қорқытып, зорлап келген. Бұл фактіні сараптама нәтижелері растап отыр», - деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ол ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-тармағы («көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлау») мен 121-баптың 4-тармағында («көрінеу жас балаға қатысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған сексуалдық сипаттағы әрекеттер») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылды.

Бірінші қылмыс жасалған кезде зардап шегуші 12 жаста болған.

Қылмыс заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

29 шілде 2015, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.