Атырау, 7 қазан 03:42
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Астана: АМТ кәсіподақ келіспесе жалақыны азайта алмайды

1 272 просмотра

Image 0"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жұмысшылары. (Көрнекі сурет). Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы кәсіподақтың келісімінсіз жұмысшылар жалақысын қысқартуға құқығы жоқ дейді.

Министрлік Қазақстан заңдары бойынша компания кәсіподақтың қолдауынсыз ұжымдық келісім талаптарын өзгертіп, жұмысшылар жалақысын өзгерте алмайды деген пікірде.

Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Теміртауда өткен баспасөз жиынында 1 тамыздан бастап жұмысшылар жалақысын 25 пайызға қысқартатынын мәлімдеген. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, компания бас директоры Виджай Махадеван "АрселорМиттал Теміртау" бұл шешімді нарықтағы ахуалдың қиындығына байланысты қабылдағанын айтқан. Оның сөзінше, ресейлік бәсекелес компаниялар рубль девальвацияға ұшырағаннан кейін нарықты басып алып, оның салдарынан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өнімін өткізе алмай отыр. Махадеван жалақыны азайтуға балама - жұмыс орнын қысқарту екенін де айтады.

Дереккөз: azattyq.org

29 шілде 2015, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.