Атырау, 6 желтоқсан 05:55
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

АҚШ Израиль шпионын түрмеден босатпақ

1 354 рет қаралды

Image 0АҚШ билігін Джонатан Поллардты түрмеден босатуға шақырған плакаттар жанынан өтіп бара жатқан адам. Иерусалим, 20 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ әскери-теңіз барлауының бұрынғы қызметкері, Израиль пайдасына шпиондық жасаған деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған Джонатан Поллард қарашаның 21-і күні мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылмақ. Ол түрмеде отыз жыл отырған.

Поллард 1985 жылы қарашада Вашингтондағы Израиль елшілігін паналамақ болған кезде ұсталған. Оның ісі АҚШ пен Израиль арасынадағы қарым-қатынасқа сызат түсірген. Поллард 1987 жылы Израильдің пайдасына шпиондық жасап, ерекше құпия мәліметтерді бергенін мойындаған. Осыған дейін Тель-Авив АҚШ-тан Поллардты босатуды сұрап бірнеше рет ұсыныс жасаған.

Былтыр Тель-Авивті палестиналықтармен келіссөздерден бас тартпауға ынталандыру шараларының бірі ретінде Джонатан Поллардты түрмеден мерзімінен бұрын босату жайлы ұсыныс айтылған еді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 шілде 2015, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.