Атырау, 28 қараша 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Емханалар «жедел жәрдем» қызметін атқарысады

1 719 просмотра

«Жедел жәрдем» бригадасының жұмысын жеңілдету үшін шақыртулардың бір бөлігі енді емханаларға жіберіледі.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дина КАМЕЛОВА хабарлады. Жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін «03» нөміріне түсетін сигналдардың бір бөлігі шақырту жасайтын пациенттердің мекенжайы бойынша емханалардың диспетчерлік қызметтеріне жолданатын болады. Шақыртуға кім барады – жедел жәрдем бе, әлде емхана маманы ма, оны жедел медициналық жәрдемнің аға дәрігері шешеді.

Бізде автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық жүйе (АДАЖ) енгізілген. Фельдшер, санитар және жүргізуші кіретін арнайы шұғыл көмек бригадасы құрылды. Әкімшілік бюджеттен тыс қаржыға барлық қажетті жабдықтармен жарақталған «Хендай» фирмасының жедел жәрдем көлігін алды, - дейді №2 емхана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира ШАМАЕВА. Апта сайын бізге «жедел жәрдем» жолдайтын 3-4 шақыртудан түседі. Әрине, бізге шақыртудың бәрін жібермейді, тек белгілі бір қауырттылығы бойынша. Мәселен, біз температурасы көтерілген, тамақ, бел ауруына, созылмалы гипертониктің қан қысымының көтерілуіне қатысты шақыртуларға барып жүрдік. Халыққа қызмет көрсетудің жаңа үлгісі емхана үшін де қолайлы деп ойлаймын. Өйткені бізде учаскелік дәрігерлер жүйесі бар.

Әрине, босану, жүктіліктің үзілу қаупі, зақымдар, ағза жұмысының бұзылуы, аяқасты естен тану және т.б. бойынша шұғыл шақыртулар, сағат 18.00-ден кейінгі және демалыс күндеріндегі шақыртулар «жедел жәрдемнің» еншісінде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 шілде 2015, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.