Көрнекі сурет.Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ – Түркия АҚШ Әскери-әуе күштерінің ұшақтарына Шаммен шекарадан алыс емес жерде орналасқан Инджирлик америкалық әуе базасынан «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының содырларына әуе соққыларын жасауға рұқсат берді, деп хабарлайды РБК.
Анкара АҚШ және Түркия президенттері Барак Обама мен Тайып Ердоғанның телефон арқылы әңгімелесуінен кейін келесі күні өз келісімін берді. Осыған дейін Анкара ұзақ уақыт бойы исламшыл содырларға қарсы әскери іс-әрекетке араласудан бас тартып келген еді.
Ақ үй өкілі Джош Эрнест Обама мен Ердоған «Ислам мемлекеті» содырларына қарсы күресте ынтымақтастықты тереңдетуге келісті. Журналистердің Инджирлик әуе базасын пайдалану туралы сұрағына жауап бере отырып, ол былай деді: «Қауіпсіздік мәселелері ниетімен мен ол туралы айта алмаймын».
Әлі күнге дейін Сириядағы исламшылдарға қарсы операцияларға қатысып жатқан америкалық ұшақтарға Парсы шығанағы елдеріндегі алыс әуе базаларын пайдалануға тура келген еді. Инджирлик әуе базасын қолдану АҚШ-ға «Ислам мемлекетімен» соғыста қосымша басымдықтар береді.
Түрік-шам шекарасы шиеленіс ошағы болып қала беруде. Мәселен, бейсенбіде исламшылдардың оқ жаудыруынан түрік әскери қызметкерінің қаза табуы нәтижесінде түрік танкілері атысқа жүгінуге мәжбүр болған.
22 шілде күні Сириямен шекарадан 45 км жерде орналасқан Шанлыурфа деген түрік провинциясында шабуыл нәтижесінде екі полицей өлтірілді. Олар бастарына оқ тиген жарақатпен табылды.
Дереккөз: ҚазТАГ