Атырау, 5 желтоқсан 11:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Cәуегейлік танытқан алаяқ

2 059 рет қаралды

Image 0Атырауда алаяқтықтың күні бүгінге дейін болмаған түрі тіркелді.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға 31 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Оның айтуынша, ол 17 шілдеде ғаламтор арқылы алматылық жас жігітпен хат жазысып хабарласқан. Ол букмекерлік кеңседе тігілетін бәстің дұрыс нұсқасын атауға уәде берген. Өз қызметі үшін ол өз есепшотына төлем терминалы арқылы 20 мың теңге аударуды сұрапты. Зардап шегуші солай еткен. Оның полицияға шағымдануына қарағанда, ол ештеңе ұтпаған. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 шілде 2015, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.