Атырауда сот алақол құрылыс мердігерінен 20 млн теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алды.
2013 жылдың 5 маусымында «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ мен «Аксиома-Сервис-Контракт» ЖШС Махамбет ауданының Жалғансай ауылындағы орта мектеп құрылысы бойынша 711 млн теңге сомада 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасады. Алайда мердігер келісілген мерзімде үлгермеді. Құрылыс басқармасы Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердігерден 199 млн теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы талап-арыз берді. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы жылдың 27 мамырында сот «Аксиома-Сервис-Контракт» ЖШС-нен бюджет кірісіне 90 млн теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын және 2,7 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығын өндіру туралы шешім шығарды.
Жауапкер апелляция берді. 20 шілдеде облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа отырысы өтті. Алқа соманы 20 млн теңгеге дейін азайтты.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА