Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кисида РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Курил аралдарына жоспарлаған сапарынан бас тарту туралы өтінішін Ресейдегі Жапония Елшілігі арқылы жолдады, деп жазады «ТАСС» агенттігі.
«Егер сапар жүзеге асатын болса, бұл төрт аралға қатысты Жапония позициясына қарсы келу, сонымен қатар жапон азаматтарының сезімін жаралау болады», делінген хабарламада.
Жапония Сыртқы істер министрлігі осы мазмұндас хатты Ресей сыртқы саясат ведомствосына да жолдады.
Дереккөз: ҚазАқпарат