Бейжің қаласында «300 спарталық» фильміндегі кейіпкерлердің киіміне ұқсас қара былғары күрте, қызыл жапқыш жамылған 100-ге жуық жас адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тұтқындалды деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Өздерін «300 спарталыққа» ұқсатқан жастар әдейі киініп келіп, Бейжің аудандарының бірінде жинала бастаған. Бір жерге топтаса бастағандарды көшеде өтіп бара жатқан адамдар суретке түсіріп, қызықтай бастайды. Алайда, полиция жартылай жалаңаш жастардың бұл қылығын қоғамдық тәртіпті бұзу деп санап, тезірек тарқауды талап еткен.
Алайда, тәртіп сақшыларының айтқанына олар бағынғысы келмеді. Полиция «спарталықтардың» «еркелігін» көтермей барлығын қамауға алады.
Тергеу кезінде анықталғандай жастар, тамақ тарату үшін арнайы киіндіріп қойған жергілікті дәмхана жалдаған адамдар болып шықты.
Дереккөз: ҚазАқпарат