Атырау, 25 қараша 22:24
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-та кинотеатрда халыққа оқ жаудырған адам өзін-өзі атып тастады

1 472 просмотра

Image 0Американың Луизиана штатындағы Лафейетт қаласында кинотеатрға келген адам сеанс кезінде көрермендерге оқ жаудырып, кем дегенде алты адамды жарақаттаған, кейін өзін-өзі атқан. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлайды.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпараттарға сүйенсек, қайғылы оқиғадан екі адам мерт болды, соның бірі оқ атушының өзі.

Лафейетт полициясы оқиға туралы хабар бейсенбі күні кешкі жеті жарымдар шамасында келіп түскенін айтып отыр, деп жазады ВВС.

Айта кетсек, Лафейетт – 120 мың халқы бар, Луизиана астанасы Батон-Руждан оңтүстік-батысқа қарай 90 км қашықтықта орын тепкен қала.

Дереккөз: bnews.kz


24 шілде 2015, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.