Атырау, 28 қараша 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Сақтансаң, сақтайды

2 042 просмотра

Image 0Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен облыстық аурухананың мәжіліс залында «Коронавирусты жұқпалы ауруының әлемдегі эпидемиологиялық ахуалы және алдын алу шаралары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Cанэпидемиологтардың хабарлағанындай, бүгінде таяушығыстық өткір респираторлық синдромы – коронавирусты жұқпалы ауруды жұқтырғандар саны 186 адамды құрап, 33 адам көз жұмған. Эпидемиялық бұрқ ету жағдайы басталғаннан бері 15 000-нан аса адам медициналық бақылауға алынған.

Бұл вирус адамға жануардан беріледі. Бұл ауру жай респираторлық ауру ретінде басталып, қызудың көтерілуі мен жөтелге ұласып, өкпе қабынуының ауыр түріне тез әкеледі.

Департамент басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ Атырау облысы аумағында коронавирус жұқпасының пайда болуын алдын алу мақсатында шетелге шығуды жоспарлап жүрген және қажылыққа баратын атыраулықтардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігін атап өтіп, туристік фирмалармен және мешіттермен тығыз жұмыс істеу керектігіне тоқталды.

Бөбек АХМУРОВА

23 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.