Атырау, 7 қазан 01:22
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Оқиғалар тізбегі

2 739 просмотра

Полицияға Атырау орталығында пәтер жалдаумен айналысатын жеке кәсіпкер әйелден арыз түсті. Оның айтуынша, пәтерін жалдап тұрған 30 жастағы әйел мұны себепсіз соққыға жыққан. Тергеу жүріп жатыр.

***

№2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жылдың қаңтар айында Геолог ауылындағы мектептің киім шешетін бөлмесінен балалар күртесін ұрлаған 47 жастағы балықшылық әйелді ұстады. Зардап шегуші бала киімін таныды.

***

Тасқала ауылында белгісіз біреу күш көрсетіп, 41 жастағы ер адамды тонаған. Бұзақы ақшасы бар әмиянға ие болған. Тонау жасады деген күдікпен Авангардтың 24 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Құлсарының 37 жастағы тұрғыны полицияға хабарласты: наурыз айында Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны автокран алуға көмектесемін деп 740 мың теңгесін алып, жасырынып қалған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

16 шілде күні күндіз «Дина» базарында 23 жастағы жігіттің шалбарының қалтасынан 7 мың теңге «суырып» кеткен. Қалтақағар ұсталды. Жасы 47-де, Балықшыда тұрады. Айғақ зат алынды.

***

Миялы ауылында полиция 40 жастағы мас адам жүргізген «Лада» ВАЗ-2110 автокөлігін ұстады. Ол бұған дейін осындай заң бұзушылығы үшін жүргізуші құқығынан айырылған екен.

***

16 шілде күні таңда Махамбет ауылында 26 жастағы ер адам өткір затпен қорқытып, 16 жастағы жасөспірімнен ақша талап еткен. Баладан ештеңе ала алмаған бұзақы қашып кеткен. Ата-анасы полицияға хабарлап, күдікті ұсталды. Ол кінәсіп мойындады және уақытша ұстау орнына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

***

18 шілде күндіз Алтынсарин көшесінде жеке үй өртенді. ТЖД мәліметтері бойынша, үйдің шатыры мен мансард қабаты түгел жанған. Өрттің алдын ала шығарылған себебі – кесу құралын (болгарка) пайдаланғанда техника қауіпсіздігін сақтамау. Өртті сөндіруге үш топ қатысып, бір сағат ішінде ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

23 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.