Атырау, 3 маусым 02:17
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Аудан жаңалықтары

2 067 рет қаралды

Индерде ағаш өңдеу цехы ашылды

Индербор кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Сүндет БАЙГЕНЖИЕВ ағаш өңдеу цехын іске қосты.

Ол кәсібін 3 млн теңге несие алып бастаған еді. Кәсіпкер шикізатты Батыс Қазақстан облысы мен Ресейден сатып алып отыр. Арзан әрі сапалы ағаш өңдеу жұмысы қарқынды жүруде.

***

Жұмысқа орналасты

Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар ретінде тіркеліп тұрған 853 адамның 475-і жұмыспен қамтылды.

Жыл басынан бері ауданда 985 жаңа жұмыс орны ашылған болатын.

***

Шегірткені улауда

Құрманғазы ауданында италиялық прустың дернәсілдері көп шоғырланған жерлер химиялық өңдеуден өткізілді.

Осы жылы 25 610 гектар жер өңделді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.