Атырау, 7 қазан 01:34
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Таксишіні түсіріп, үйіне кетті

1 850 просмотра

Image 0Атырауда мас жолаушы таксишінің көлігін тартып алып, үйіне жетіп алған.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 19 шілде күні кешке полицияға Дамбы ауылында тұратын «Лада» ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі хабарласты.

Ол Химпоселокқа дейін жеткізіп таста деп өтінген жолаушыны көлігіне отырғызған. Химпоселокқа жақындағанда жолаушы жүргізушіні қорқытып көлігінен түсіріп, оны өзі айдап кеткен. Машина 35 жастағы бұзақының Украина көшесіндегі үйінің жанынан табылды. Қылмыскерді мас күйінде үйінен ұстап, уақытша ұстау орнына қамады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 шілде 2015, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.