Атырау, 5 желтоқсан 11:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Зорлықшылар мен құрбандар

2 516 рет қаралды

Image 0Жыл басынан бері Атырау облысында кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерінің 14 фактісі тіркелді деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бірнеше жағдайда зорлаушылар құрбандардың туыстары (ағасы, өгей әкесі, күйеу баласы) болып шыққан. Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құрбандар - 12-13 жастағы жасөспірімдер.

Кей жағдайларда қылмыстың орын алуына ата-аналардың өз балаларына немқұрайлы қараулары себепші болған. Бір жағдайда зардап шегушінің өзі келеңсіз қылық жасаған.

Полицияға зорлау жөнінде арыз келіп түсті, алайда кәмелетке толмаған қыз бұл кезде алты айлық бала көтеріп жүр екен. Сотқа дейінгі тергеу кезінде қыз бала жігітімен кездесіп жүргенде өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені, алайда аяғы ауыр болғаннан кейін ата-анасының қаһарынан қорқып, оларға зорлады деп ақталғаны анықталды. Нәтижесінде қылмыстық құрамның жоқтығынан қылмыстық істі жүргізу тоқтатылды.

Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 46 жыныстық сипаттағы зорлау фактісі тіркелді. Көп жағдайларда зорлаушылар зардап шегушілердің танысы немесе досы болған, бірге спирттік ішімдік ішкен, ал екі жағдайда зардап шегушілердің полицияға осындай шағыммен хабарласқаны анықталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 шілде 2015, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.