Лондон мен Бейжің климат өзгерістерінің салдарынан Жер бетінен жойылып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Euronews. 2015 жылдың маусымы метерорологиялық бақылаудың басталуынан бері ғаламшардағы ең жылы айы болып тіркелді. Бұл туралы АҚШ мұхит және атмосфералық ұлттық басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Сарапшылардың айтуынша, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы қалыптан тыс жылы болды. 2014 жылы да ғалымдар рекордтық көрсеткішті тіркепті. Ыстық ауа барлық елге таралған, әсіресе Пәкістан мен Үндістан қалыптас тыс ыстыққа тап болды, онда аптаптан жүздеген адам қырылды. Кейбір қалаларда термометр бағаны 49-50 градусқа дейін жетті.
Мұнымен қатар, жаһандық жылымық пен мұздың еруінен әлемдік мұхит деңгейі 6 метрге көтерілуі мүмкін. Бұл бірінші кезекте көптеген елдердің астанасына қатер төндіреді, оның ішінде Лондон мен Бейжің бар. Ғалымдардың айтуынша, егер барлық елдер БҰҰ-ның ғаламшарымыздың ауа температурасы 2 градусқа төмендетуді мақсат еткен талаптарды орындаса да апаттың алдын алу мүмкін емес.
Ғалымдар бұл қатерге байланысты энергия өндіру үшін көмірді пайдаланудан бас тартуға шақырып, дабыл қағып отыр. Ал бұл талапты орындамағандар атмосфераға зиян келтіргені үшін төлеуі тиіс екен.
Дереккөз: tengrinews.kz