Атырау, 28 қараша 20:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Осыны жөндеу жүргізілді деп отыр»

2 117 просмотра

Image 0Терможаңғырту бағдарламасының шеңберінде көппәтерлі үйдің сапасыз жөнделуіне наразы болғандар саны көбеюде. Бұл жолы редакцияға Авангард 3-ші ықшамауданның №41 үй тұрғындары хабарласты. Адамдар үйдегі жөндеу жұмыстарының әлі аяқталмағандығына сенімді және олардан орындалған жұмыс құнын өтеуді талап етіп жатқандығын түсінбей дал.

Бастапқыда үйімізді бағдарламаға енгізгеніне бәрі қуанған еді, бірақ жөндеу басталғанда қуанышымыз су сепкендей басылды, - дейді Үміт есімді үй тұрғыны. – Жөндеу жұмыстары өткен жылдың күзінде басталды. Нөсер жаңбыр жауған кезде жоғарғы қабаттарда тұратындардың көбінің төбелерінен су ақты. Өйткені құрылыс компаниясы шатырды жөндеуді созып жіберген еді. Үйдің қасбетін аяз түскен кезде бояды. Ал подъездерде не болып жатқанын айтуға да келмейді.

Подъездердің бірінен тұрғындар көрнекі мысалды көрсетті: баспалдақтарда саңылаулар, жөнделмеген басқыштардың жалаңаштанған арматуралары, сынған еден, қабырғалардағы коммуникацияның бітелмеген тесіктері, қабыршақталып кеткен терезе жақтаулары...

Жасалмаған нәрсе көп. Көбін қысқа дейін жасауға үлгермей, көктемде бітіруге уәде берді. Міне, шілде аяқталып қалды, ал жыл басынан бері бізден жөндеу құнын өтеуді талап етіп отыр. Біз төлеуге қарсы емеспіз, бірақ не үшін төлейміз? Өзіңіз көріп отырсыз, біздің подъезден аяғыңды сындырып алуға болады. Мұны күрделі жөндеу деп қалай айтуға болады?! – дейді наразы болған тұрғындар.

Біз «2011-20 жылдардағы терможаңғырту» бағдарламасының операторы «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не жағдайға комментарий беру өтінішімен сауал жолдадық. Жауапта былай делінген:

«2014 жылы Авангард 3-ші ықшамаудандағы №41 көпқабатты тұрғын үйде тұрғындардың келісімімен күрделі жөндеу жүргізілді. Мердігер - “Алгоритм Орал" ЖШС. Жөндеу жұмыстарының құны 38 млн 320 мың 840 теңге. Жөндеу барысында шатыр, подъездер, жылыту жүйесі жөнделді. Барлық жұмыстар келісілген мерзімде орындалды. Күрделі жөндеу 2014 жылы 10 қарашада толықтай аяқталып, комиссия қабылдап алған. Бұл туралы актіде көрсетілген. Ешқандай ескертулер болған жоқ. Күрделі жөндеуге бөлінген бюджеттік қаржыларды тұрғындар мемлекетке 10 жыл ішінде қайтаруға міндетті. Тұрғындармен жасалған келісімшарт бойынша мердігер мекеме 2 жылға кепілдік мерзім береді және егер бар болса, жасалмаған олқылықтарды түзетуге міндеттеледі».

«Әнуар-Авангард» ПИК төрағасы Людмила ШАРОВАТОВА жөндеу жұмыстарының аяқталғанын растады. Бұл туралы қабылдау-беру актісі дәлел болады.

Әрине, олқылықтар бар. Мердігер оларды келесі аптада жоюға уәде етіп отыр.

«АЖ» терможаңғырту шеңберінде сапасыз күрделі жөндеуге наразылықтар туралы тұрақты жазып тұрады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мердігер белгілеген кепілдік мерзімі біткен кезде тұрғындардың наразылығында шек болмайды. Ал «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС ақшаны сот арқылы қайтара бастайды. Типтік келісімшарттың мәтінінде «мердігерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тартатын «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің міндеті кепілдік мерзімі біткен соң және кепілдік мерзімі ішінде сметалық құжаттама мен келісімшартта көрсетілген сапаның бұзылуын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін орындалған болып есептеледі» делінген. Сондықтан №41 үй тұрғындарына кепілдік мерзімі бітпей тұрғанда «із суытпай» әрекет етіп, барлық жолдар арқылы, соның ішінде сот арқылы олқылықтарды жоюға қол жеткізу керек.

Тамара СУХОМЛИНОВА


21 шілде 2015, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.