Атырау, 7 қазан 01:35
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атыраудағы виртуалды тонау

3 056 просмотра

Image 0Хакерлер екі атыраулық фирманың есепшотынан 1,8 миллион теңгеден астам қаржы ұрлады. Біреуінде 1 млн 296 мың теңге, екіншісінде – 550 мың теңге қолды болған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Екі қылмыс та биыл жасалған. Бұл туралы есепшоттарында ақша жоғалып кеткен ЖШС басшылары полицияға шағымданғаннан кейін ғана белгілі болды.

Екі жағдайда да қылмыскерлер бірдей сызбамен жұмыс істеген. Олар есепшілердің компьютерлеріне Dropper-gen вирусын жіберіп, осылайша ақпараттық-коммуникациялық желі қолжетімді болған. Сөйтіп ақшаны екі фирманың банктік есепшоттарынан әлдебір жеке тұлғалардың есепшоттарына аударған.

- Қазіргі кезде мұндай қылмысты ашу қиын болғандықтан, біз Алматыдағы әріптестерімізбен бірлескен шаралар алудамыз, - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. - Өткен жылы Алматыда осы секілді 3 миллион теңгеден астам соманы ұрлаған қылмыстық топ әшкереленді. Бұл қылмыстық істі ҚР ІІМ-нің құрама тергеу-жедел тобы тергеді. Оған біздің ІІД қызметкерлері де кірді. Қазір қылмыскерлер ұзақ мерзімді жазаларын өтеуде. Облыстық ІІД-де жоғарғы технология саласындағы қылмысты тергеумен арнайы «К» тобы айналысады. Ол 2004 жылы құрылған және криминалдық полиция басқармасына қарайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 шілде 2015, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.