Атырау, 25 қараша 22:47
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей MH17 апатын тексеру трибуналын құруға қарсы

2 091 просмотра

Image 0Украинадағы MH17 ұшағы құрбандарын еске алу шарасыан көрініс.Речей үкіметінің мәлімдеуінше, бұл ел БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне арнайы жоба жіберіп, Украина аумағында құлаған Malaysia Airlines ұшағының апатын тексеруге халықаралық трибунал құруға қарсылық білдірді.

Ресей мен Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер "ұшақты Украина әскері атып түсірді" деп отыр. Алайда осыған дейін жүргізілген тексерістер мен зерттеулер, жарияланған видеолар ұшақты сепаратистер құлатқанын көрсетеді.

МН17 жолаушылар рейсінің апатының себебін зерттеген Нидерланд жетекшілік ететін халықаралық комиссия ұшақты ресейшіл сепаратистер «Бук» қондырғысынан әскери зымыранмен атып түсірген деп санайды.

АҚШ сарапшыларының пікірінше, зымыран ресейлік әскерилер көмегіне сүйенген сепаратистер бақылауындағы аймақтан атылған. Ресей мен шығыс Украинадағы сепаратистер болса Boeing ұшағының құлауына ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.

Австралия, Бельгия, Малайзия, Нидерланд және Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін малайзиялық жолаушылар ұшағының құлауына қатысты істі қарау үшін халықаралық трибунал құруға шақырады.

Ресей президенті Владимир Путин шілденің 16-сы күні Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттеге халықаралық трибунал құру «нәтиже бермейтін асығыстық болады» деп мәлімдеген.

2014 жылы 17 шілдеде Украина шекарасында MH17 ұшағы құлап, борттағы 298 адамның барлығы мерт болған.

Дереккөз: azattyq.org

21 шілде 2015, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.