Атырау, 25 қараша 23:03
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияның Сүрүчінде орын алған жарылысқа 18 жасар террор қыз күдіктелуде

2 085 просмотра

Image 0Алматы. 21 шілде. ҚазТАГ – Шаммен шекарада орналасқан түріктің Сүрүч қаласындағы жарылысты 18 жасар өлімші-лаңкес ұйымдастыруы мүмкін, деп хабарлайды Hurriyet түрік басылымы.

Сонымен қатар бұл ақпарат ресми растала қоймады.

Осы ретте Түркия билігі жарылысқа «Ислам мемлекетінің» қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. «Біздің тәжірибе бұл «Ислам мемлекетінің» террорлық шабуылы болғанын көрсетіп отыр», - деген түрік билігі ресми өкілінің дәйексөздерін келтіреді РБК.

Басқа бір шенеунік жарылыс «түрік үкіметінің терроризммен күрестегі оның күш-жігеріне ерегіскен түрде» жасалды деп болжауда.

Еске сала кетейік, дүйсенбі күні орын алған теракті нәтижесінде 30 адам, негізінен жас студенттер қаза тапты. Жарылыс мәдени орталықта бастамашыл топтың мүшелері, негізінен күрдтер жиналған сәтте болған. Олар күрд полициясы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының содырларына қарсы соғысып жатқан Сирияның Кобани қаласына өздерінің сапары туралы жергілікті баспасөзге мәлімдеуді талқылау үшін бас қосқан.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 шілде 2015, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.