Атырау, 25 қараша 22:33
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

WikiLeaks 9/11 террактіге дейін ГФР СІМ басшыларын аңдаған деп АҚШ-ты айптады

2 609 просмотра

Image 0Алматы. 21 шілде. ҚазТАГ – WikiLeaks сайтында жарияланған жаңа деректер американың арнайы қызметтері Германия СІМ басшыларын аңдып жүргеніне арналған. Бұл ретте тыңшылық 2001 жылғы террактіден әлдеқайда бұрын басталған делінеді.

РБК сілтеме жасап отырған WikiLeaks мәліметтерінше, АҚШ арнайы қызметі Германияның шенеуніктері мен сыртқы саясат ведомстыо басшыларын тыңдауды 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террактіден әлдеқайда бұрын бастаған. Жаңа деректерді жариялаған мақалада АҚШ арнайы қызметінің мақсаты 1998-2005 жылдары ГФР СІМ басшысы қызметін атқарған Йошка Фишер болғаны айтылады.

Жаңа мәліметтердің негізгі бөлігі ГРФ-дың СІМ билік басындағы Франк-Вальтер Штайнмайерді тыңдағаны туралы есепке арналған. Бұл ретте оны аңду, ол осы қызметке алғашқы отырған 2005-2009 жылдары басталған екен. Американың барлау қызметі ол АҚШ-қа 2005 жылы алғаш ресми сапармен барғанда және Мемдеп басшысы Кондолиза Райспен кездесуіндегі сұхбатын жазып алған. Сапар ОББ (ЦРУ) еуропалық әуежайларды қамауға алғандарды жасырын түрмелерге жеткізу үшін пайдаланып жүргені туралы дау жалғасып жатқан кезде орын алған болатын

ҰҚА (АНБ) баяндамасында айтылғандай, Штайнмайер «баспасөз беттерінде жарияланған ОББ Германияның үстінен ұшып жүр деген деректерге байланысты мемлекеттік хатшыдан нақты ешнәрсе ести алмағанына қуанғандай болды».

Бұрындары WikiLeaks АҚШ ұлттық қауіпсіздік Агенттігі (ҰҚА) Францияда экономикалық тыңшылық жасағаны туралы, ол елдің үкімет басшыларын тыңдағаны туралы және Францияның соңғы үш президенті Жак Ширак, Николя Саркози және қазіргі билік басындағы мемлекет басшысы Франсуа Олландтың телефон сұхбаттарын жазып жүргендігі туралы мәліметтер жариялаған.

Одан басқа, WikiLeaks мәліметтерінше, АҚШ Германия канцлері Ангела Меркельды аңдыған, неміс парламентінің депутаттарын және үкімет басшыларының мүшелерін тыңдап жүрген.

Осы әшкерелеулерден соңғы дипломатиялық дау АҚШ әкімшілігінің өкілдерін Еуропадағы өздерінің одақтастарына қатысты тыңшылық жасағаны туралы айыпты теріске шығаруға немесе ақталуға бірнеше рет мәжбүр еткенді.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 шілде 2015, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.