Түркияның Сириямен шекарасына жақын жердегі Суруч қаласында болған жарылыстан 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, 20-дан астам адам жарақаттанды.
Жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 14.45-те болды. Алдын ала болжам бойынша, кластерлік жарылғыш зат қаладағы мәдениет орталығына жақын жердегі дәмханада жарылған. Осыдан кейін өрт басталды, ол дереу ауыздықталды. Жарақаттанғандар жедел жәрдем арқылы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Жарылыс болған жерге жақын орналасқан ғимараттың терезелері сынды. Әзірше ресми ақпарат жоқ.
Дереккөз: tengrinews.kz