Атырау, 28 қараша 18:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Мейрамханалар азайтып көрсеткен. Ал базарлар ше?

3 111 просмотра

Image 01 шілде күнгі жағдаймен жергілікті бюджетке түскен төлемдер жоспарланған 66 млрд теңгенің орнына 75 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Мәди ТӘКИЕВ Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығының салтанатты ашылу рәсімінен кейін хабарлады.

Салықтық және кедендік төлем бойынша 24 млрд теңге өсім байқалды. Соның ішінде салықтық әкімшілендіру есебінен 5,2 млрд теңге түсті. Атап айтсақ, автоматтандырылған камералдық бақылау бойынша – 968 млн теңге, қол камералдық бақылау бойынша – 261 млн теңге, салықтық тексеру нәтижелері бойынша – 3,6 млрд теңге. Кедендік әкімшілендіру есебінен өскен түсім 1,8 млрд теңгені құрады.

46 мейрамханаға хронометраждық зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша бір күндік кіріс 2-ден 71 есеге дейін артты. Өткен кезеңдер есебінен қосымша 3,2 млн теңге өндірілді. Мысалы, «Санджак» мейрамханасы құжаттарда көрсетілгеннен төрт есе артық, «Алтын шатыр» үш есе, «У Гаджи» сегіз есе, «Сады Вавилона» 71 есе артық табыс табады екен.

Қазіргі уақытта тағы 12 мейрамхана мен кафеде хронометражды зерттеулер жүргізілуде, бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін сауда үйлері мен базарлар зерттеледі. Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдану тәртібі және есептік-бақылау маркілері бойынша тексеру үшін 357 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 10 млн теңгеден аса айыппұл салынып, сегіз мыңнан аса бөтелке алкогольдік өнімдер заңды айналымнан алынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА


20 шілде 2015, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.