Алматы. 20 шілде. ҚазТАГ –Иранның солтүстігінде нөсерлетіп жауған жауын мен тасқын судан кем дегенде 11 адам қаза болды, деп хабарлады Trend агенттігі.
«Жергілікті билік мәліметтерінше, қаза болғандар арасында ҚХР азаматы мен екі әйел бар. Билік өкілдерінің хабарлауынша, тасқын су кем дегенде 20 көлікті ағызып әкеткен. Ол көліктерде адамдар болған, хабар-ошарсыз кеткендердің саны анықталуда», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Хабарда айтылғандай, нөсер жауын Иранның солтүстік бөлігіне жексенбі күні кешкісін жауа бастады, соның салдарынан электр жарығы да өшіп қалды. Билік Теһран, Альборз, Казвин провинцияларында қаза болғандар саны артуы мүмкін деп отыр, сол өңірлерде іздестіру шаралары жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазТАГ