Атырау, 28 қараша 19:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау мұнайшылары Иранды бақылап отыр

2 005 просмотра

Image 0ҚР президентінің «Заманауи мемлекет барлығы үшін: бес институционалды реформа» бағдарламасын түсіндіру мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз ЕРЖАНОВ Атырауға келді.

Облыстық әкімдікте ол өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерімен кездесу өткізіп, баяндама оқып, сұрақтарға жауап берді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ үкіметтің дағдарыс жоспары жөніндегі облыстық әкімдіктің ұсыныстары туралы әңгімеледі:

– Салалық кәсіпорындар үшін олардың жұмыстарын тұрақтандыру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында олар өндіретін мұнайдың өзіндік құнына байланысты мұнайдың экспорттық-кедендік баж салығын төмендету керек. Қазір Ираннан экономикалық санкцияларды алып тастауда, мұнай әлі арзандауы мүмкін. Бұл біздің кәсіпорындар үшін қиындықтар туғызады.

«Қолжетімді баспананы» Ғ. Дүйсембаев өңірдің құрылыс индустриясының қозғаушы күші болып табылатын маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі деп атады. Жалғасып жатқан дағдарыс жағдайында басталған бағдарламаларды жабу қажеттілгі туралы айтылып жатқанда, облыстық әкімдік арзан баспана құрылысын қаржыландыруды бұрынғы деңгейде сақтауды қолдады.

Біз қазір ауыл шаруашылығында бұрын жүзеге асырылған жобаларды кеңейту үшін үкіметтен 4,8 млрд теңге сұрап отырмыз. Президент ауыл шаруашылығы министрлігінің түрлі аграрлы жобаларды жүзеге асыруға 500 млрд теңге бөлу жөніндегі ұсынысын қолдады. Азық-түлікпен қамтамасыз ету – облысымыз үшін айтарлықтай салмақты мәселе. Біз әлі күнге дейін мал өсіру мен егістік алаңдары бойынша Атырауда 90-шы жылдары болған көрсеткіштерге қол жеткізе алмай келеміз, - деді Дүйсембаев. – Баспана құрылысының құнын төмендету үшін теміржол қызметтерінің тарифтерін азайту керек, біздің өңірімізде қиыршық тас, ірі құм кеніштері жоқ, ал басқа өңірлерде бар. Сондықтан бізде баспана «шаршысы» осындай қымбат болып отыр!

Қазіргі кезде «Тұз» ЖШС натрий гидрохлоридін шығару және суды тазарту мен зарарсыздандыру үшін өнімдер алу кешенін іске қосты. Кеңес дәуірінен бері біз суды тазарту үшін хлорды пайдаланамыз. Ол денсаулыққа зиян, ағзаға жиналады. Біз өз содамызды Қазақстанның барлық ірі кәсіпорындарына ұсынамыз. Оны біздің өзіміз пайдаланбай отыр деп ешкім айтпас үшін, «Тұз» ЖШС өнімдерінің алғашқы сатып алушысы «Атырау Су Арнасы» КМК болмақ.

А. Ержанов облыс әкімінің орынбасарын тыңдап, өңірдегі барлық кәсіпорындардың басшыларына да оған өз ұсыныстарын жолдауды ұсынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 шілде 2015, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.