19 шілдеде «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 21-туры аясында «Атырау» мен «Қайрат» (Алматы) командалары кездесті.
Еуропа лигасында Арменияның «Алашкерт» командасын ірі есеппен ұтқан «Қайрат» бірден «Атырау» қақпасына толассыз шабуыл ұйымдастырды, алайда алаң иелерінің мықты қорғанысына тап болды. «Атырау» қақпашысы Жасур НАРЗИКУЛОВ тамаша өнер көрсетті. Екінші таймда ойын теңелді, алайда есеп ашылмады. Қорытынды есеп – 0:0.
Ал бір күн бұрын осы командалардың қосалқы құрамдары кездесті. Екі команданың да қосалқы құрам арасында үздік атануға мүмкіндігі болған, алайда «Атырауға» осы шешуші ойында тең есеп жарайтын. Тимур Үкібаевтың шәкірттері алға қойған міндетті орындап, матчты 2:2 есебімен тең аяқтады. «Атыраудың» қосалқы құрамы өз тарихында алғаш рет алтын медаль ұтты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор