Атырау, 28 қараша 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бизнес су бағасының күрт өсуін түсінбей отыр

2 286 просмотра

Image 016 шілдеде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында облыстық мәслихат депутаты, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖӘКИЕВТІҢ бастамасымен партияның депутаттық фракциясының отырысы өтті. Тақырыбы – су тарифының 1 тамыздан бастап заңды тұлғалар үшін 67%-ға көтерілуі.

А. Жәкиевтің пікірінше, бұл бизнестің мүддесіне зиян тигізеді.

- Мұнай бағасы мен Ресей рублі курсының құлдырауына байланысты қазір отандық бизнес үшін жақсы уақыт емес. Сондықтан да коммуналдық қызметтер тарифін, атап айтқанда, су бағасын өсіру кәсіпкерлеріміз үшін қосымша жүктеме болғалы отыр. Бұл мұнымен шектелмей, бизнес қызметтері бағасының қымбаттауына әкеліп соғады, - деп атап өтті отырысты Жәкиев. Оның айтуынша, соңғы күндері Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ТМРАД және «Атырау Су Арнасымен» «Нұр Отан» және «Ақ жол» партияларының жергілікті филиалдарын, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихаттар депуттарын қатыстырып, келіссөздер жүргізген.

Осы кездесулер нәтижесінде палата жетекшісі судың күрт қымбаттауынан болатын зардаптарды азайту үшін үш нұсқа ұсынды. Біріншіден, Жәкиев кәсіпкерлер атынан тариф жеке тұлғалар үшін 48%-ға, бизнес үшін бірден 67%-ға көтерілгеніне наразылығын білдірді:

- Кәсіпкерлер негізгі салық төлеушілер, жаңа жұмыс орындарының генераторлары болып табылатыны белгілі, осыны біле тұра, тариф олар үшін неге осындай көлемде көтеріледі? Мен жеке және заңды тұлғаларға арналған тарифтер арасында үлкен айырмашылық болмайтындай басқа нұсқаларды қарауды ұсынамын. Әрине, заңды тұлғаларға арналған тарифті кері қарауды ұсынамын.

Екінші нұсқа бойынша монополистке тарифті бірден емес, алдағы 5 жыл ішінде біртіндеп өсіруді ұсынды. Үшінші нұсқа ретінде «Атырау Су Арнасына» инвестициялық бағдарламадан құны 1 млрд теңгеге бағаланатын жеке ЖЭО салу туралы тармақты алып тастап, тарифті кері қарау ұсынылды. Айта кетсек, «АСА»-ның 2020 жылға дейінгі барлық инвестициялық бағдарламасы 3 млрд теңгеге бағаланады.

Отырысқа шақыртылған ТМРАД пен «АСА» өкілдері өз уәждерін айтты. Атап айтсақ, олар барлық заңнамалық рәсімдерді сақтаған, жаңа тарифтер – бұл бүгінгі таңдағы жалғыз мүмкіндік және олар барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып, бекітілді. «АСА» өкілі Атырау облысындағы су бағасы өсірілетініне қарамастан ел бойынша ең арзан баға болып қала бермек.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар мәселені тұрақты комиссияда, содан кейін облыстық мәслихаттың алда болатын сессиясында талқылау керек деп шешті.

Ал Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ТМРАД, «Атырау Су Арнасы», облыстық Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағымен, сондай-ақ «Нұр Отан» және «Ақ жол» партиясының филиалдарымен бірлесе отырып, тарифтің өсуінен бизнестің қаншалықты зардап шегетінін талдауды жалғастыра береді. Талқылау нәтижелері арнайы ұйымдастырылатын брифингте жарияланады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі ұсынды

20 шілде 2015, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.