Алматы. 20 шілде. ҚазТАГ – «Ислам мемлекетінің» көшбасшысы Абу Бакр аль-Багдади террорлық ұйымның содырларына өздерінің жауларын өлтіріп жатқан, зорлық-зомбылық көріністері бар бейнематериалдарды интернетте жариялауға тыйым салған жарлық шығарды, деп хабарлады шетелдік БАҚ-тар.
ИМ басшысы өзінің шешімін осы ұйымды қолдайтын мұсылмандар мен олардың балаларының сезімдеріне нұқсан келтірмеу мақсатында қабылданғанын негіздеп отыр. Одан басқа ондай бейнематериалдарды жариялау террорлық ұйымның атына дақ түсіреді дейді.
«Ислам мемлекетінің» содырлары азаматтық тұлғаларды, әскери қызметкерлер мен кепілге алынған шетелдіктерді өлтірген байнакөріністерді интернетке бірнеше рет жариялаған. Содырлардың құрбандары Жапония азаматтары мен американдық және британиялықтар болды.
«Ислам мемлекеті» террорлық топ бірнеше радикалдық исламшыл топтардың бірігуінен пайда болды. 2014 жылы жазда олар Сирия мен Ирактың бір бөлігінде халифат құрғанын жариялады.
Дереккөз: ҚазТАГ