Атырау, 26 желтоқсан 08:12
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Махамбет көшесіндегі көлік апаты

2 980 рет қаралды

Image 0Атырау қаласында кісі өлімімен аяқталған көлік оқиғасы орын алды. Бұл 17 шілдеде сағат 23.00-де Махамбет көшесінде, «Насиха» сауда үйінің маңында болған.

Облыстық облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, Махамбет ауданының 20 жастағы тұрғыны «Шевролет-Круз» көлігін жүргізіп келе жатып, белгіленбеген жерден жүгіріп өткен 15 және 16 жастағы жасөспірімдерді басып кеткен: олардың бірі алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды, екіншісі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы («Жол жүрісі қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ІІД анықтау басқармасы тергеу жүргізуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 шілде 2015, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.