Атырау, 28 қараша 18:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Салық қызметі қолайлы бола түсті

2 669 просмотра

Image 016 шілдеде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының (ҚӨО) салтанатты ашылуы өтті.

Департаментте ҚӨО бұрын да жасаған, алайда қайта жарақтау барысында оны клиенттерге қолайлы болу үшін бейімдеуге, сондай-ақ заманауи жабдықтармен жарақтауға тырысты. Орталықта 20 терезе бар, онда мемлекеттік қызметтің барлық түрлері бойынша дайын құжаттарды қабылдау және беру, мүлік, жер және көлік салықтары бойынша хабарламалар мен есептелген сомалар бойынша жеке тұлғаларға қызмет көрсету жүргізіледі. Жекелеген қызметкерлер электронды кілттер мен ЖИН беру үшін жауап береді. Клиенттерді қабылдау электронды кезек тәртібімен жүргізіледі. Осы жерде салық саласына байланысты қызмет көрсететін ХҚКО-ның бес қызметкері жұмыс істейді. Бірден қажетті төлемдер жасағысы келетіндер үшін «Қазпошта» АҚ-ның төрт терезесі жұмыс жасап тұр.

ҚӨО ақпаратты қабылдау бөлімі және өңдеу бөлімі болып бөлінеді. Штатта 24 қызметкер бар, олар күн сайын орташа алғанда 1 500 адамға қызмет көрсетеді. Бүгінде Департамент органдары 53 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде www.egov.kz «Электронды үкімет» WEB-порталы және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомостволық порталы арқылы ұсынылатын 23-і салық және үш кедендік қызмет автоматтандырылған.

– Бірінші жартыжылдықта 285 980 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 80 пайызы электронды түрде, - дейді Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мәди ТӘКИЕВ.

«Салық төлеушінің терминалы» алаңы кеңейтілді, ал компьютермен жұмыс істеу орындары 40-қа дейін көбейді. Мұндай ҚӨО-лар қазір еліміздегі ірі қалалардың барлығында жұмыс істейді, бірақ ең көп компьютерлер Атырауда. Күту орындары ыңғайлы креслолармен жарақталған, залда үстелдер жеткілікті. Енді келушілерге бланктер мен өтініштерді толтыру кезінде тығылысудың қажеті жоқ. Жекелеген кабинеттерде салық салу мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Департаменттің 1-қабатында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының қызметкерлері де жұмыс істейді. ҚӨО-да келушілерге арналған медициналық кабинет қарастырылғандығы да маңызды, сондай-ақ, ата-аналары салық есептілігін тапсырған кезде балалары ойнай алатын балалар бөлмесі ашылды. ҚӨО жұмысының жаңартылған форматы кезекті қысқартып, процедурадан өтуді жеңілдетіп, адами факторды жоюға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

17 шілде 2015, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.